"Көгездің этно ауылы" ЖШС
"Көгездің этно ауылы" ЖШС
Қош келдіңіздер жайлылық пен экзотика әлеміне!
Киіз үй лагерінде демалу, ұлттық тағамдар, қалдық таулар мен тас конкрецияларға бару арқылы жаяу серуендер, Маңғыстаудың көрікті жерлеріне экскурсиялар және джип-турлар.

Біздің компания 2016 жылдың басында үш белсенді кәсіпқой маманның күш-жігерімен құрылды. Өз идеяларын жүзеге асыра білетін жандардың еңбегімен бір жылдың ішінде этно ауылдың іргетасы қаланды.
Барлық глэмпинг стандарттарына сай, әрі ең маңыздысы – қазақтың ұлттық дәстүрлеріне толық сәйкес келетін киіз үйлі кемпинг Этно ауыл Көгез Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының орталық бөлігінде орналасқан.
Бізде Сіз мыналарды ұйымдастыра аласыз:
Отбасылық демалыс
Достық басқосулар
Корпоративтік іс-шаралар
Спорттық шаралар
Үйлену тойлары
Туған күндер
Және басқа да кез келген мерекелік іс-шаралар
Бізде демалып жатқанда ештеңеге алаңдамайсыз – Сіздің жайлылығыңыз үшін барлық қажетті жағдайлар алдын ала қарастырылып, бағаға енгізілген. Айта кету керек, біздің бағалар да Сізді қуантатыны сөзсіз – қолжетімді бағамен еуропалық деңгейдегі экологиялық демалыс!
Компания туралы
БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
Бірегей орналасу орны
Этноауыл Көгез Маңғышлақ түбегінің дәл ортасында, таулы аймақта, Маңғыстаудың танымал туристік бағыттарының қиылысында орналасқан. Этноауылдан 100 км-ге дейінгі радиуста табиғи және тарихи маңызы бар 80-ге жуық танымал нысан орналасқан: көркем шатқалдар, жұмбақ жерасты мешіттері мен некропольдер, ерекше шоқы-жоталар, бірегей геоглифтер және тылсым лабиринт.
Шөлді аймақтағы жайлылық
Белсенді саяхаттарды жайлылықпен үйлестіргісі келетін қонақтарға және экстремалды саяхат әуесқойларына ерекше демалыс атмосферасын ұлттық дәстүрлерге сай безендірілген, заманауи жайлылық талаптарына сәйкес жабдықталған киіз үйлердегі тұру мүмкіндігі сыйлайды.
Ұлттық нақыш
Ұлттық киіз үй туристерге көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне «сүңгуге», олардың ерекше мәдениетін сезінуге, шығыс экзотикасының дәмін татуға, қазақ дәстүрлерімен танысуға, киіз үй интерьерін безендіретін жарқын түстер мен ғажайып ою-өрнектерді тамашалауға, ұлттық музыка мен бидің үйлесімін сезінуге, сондай-ақ ұлттық ойындар мен жарыстардың қызығын көруге мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ
Өзіңізге мінсіз демалысты таңдаңыз!
ТӨЛЕМ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
Қызмет ақысын QR-код арқылы Kaspi көмегімен төлеуге болады.
Төлем жасамас бұрын менеджерден қызметтің өзекті құнын нақтылап, брондауды растаңыз.
Банк деректемелері менеджердің сұранысы бойынша ұсынылады.
Брондауды жою, төлемді қайтару және күнін өзгерту шарттарын менеджерден нақтылаңыз.
Copyright © 2019 - 2025
"Көгездің Этно Ауылы" ЖШС